Гвинеядағы құс фабрикаларында құс тұмауы (H5N1) таралып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы елдің батысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының 6 ошағы анықталғанын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, бұл індет негізінен құс фабрикаларында жиі кездеседі. Биыл сәуір айының соңында Қытайдың Хэнань провинциясында да (Орталық Қытай) H3N8 құс тұмауы вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталған еді.