Бүгін – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатовтың туған күні. Осы атаулы күнге орай Қостанай облысы Жангелдин ауданының Бидайық ауылындағы Алаш арысының кесенесі мен музейінің тыныс-тіршілігін және ондағы құнды жәдігерлер тарихын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Tiek.kz. Жазда Торғай өңіріне жасаған сапарымызда кесененің шырақшысы Нағашыбай Бірманов киелі орынды аралатып, ғимараттың салыну тарихы мен …