Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен бірлескен «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбында ведомствоаралық талқылау өткізді. Отбасын, ана мен әкені, баланы қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары қатарында әрі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құндылықтардың бірі. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған …