Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Евстафий Пехлеванидидің құрметіне жолдастық футбол матчы өтті. Ол – отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан даңқты спортшы. Шеберлігімен танылып, жасыл алаңда талай жетістікке жеткен футболшының есімі Шымкент пен Қазақстан спортының тарихында қалды. Бұл жолғы кездесу – ардагер спортшыға деген құрметтің белгісі. Сондай-ақ футболды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған жандардың басын қосты. […]