Батыс Қазақстан облысында түнде жоғалған 11 жасар бала таң ата табылды деп хабарлады turkystan.kz. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында 14 мамыр күні болған. Осы ауылдағы орта мектептің 5-сыныбында оқитын, биыл күзде 12-ге толатын Руханият Махамбетұлы шамамен сағат 22:30-да А.Пушкин көшесіндегі үйінен шығып кеткен. «Ата-аналар өздігінен таба …