Сотталған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленген автокөліктер сатылымға қойылды, деп хабарлайды Politico.kz. Хабарландырулар E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында жарияланды. Порталда 2025 жылы шығарылған Hyundai Elantra маркалы сегіз автокөлікті сату жөнінде хабарландыру орналастырылған. Бұл көліктер сот шешімімен Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан мемлекет кірісіне тәркіленген болатын. Хабарландырулардағы мәліметтерге сәйкес, сегіз көліктің барлығы «Zhana Business» …