Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың арасындағы жанжал жөнінде пікір білдірді. Министр әзірше екі тараптың ешқайсысын жақтамайтынын айтты. «Ешқайсысына араша түспеймін. Заң бар», – деді ол. Айтуынша, қазіргі уақытта жанжалға қатысқан тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Бәрі тексерістен кейін белгілі болады. «Қылмыстық іс барысында дәлелденіп жатса, сонда тағы көрерміз», …