Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың осы жылдың шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданының аумағында болған төрт мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сол уақытта қоралардан және жайылымдардан …