Мәжілістің бұрынғы депутаты Самат Нұртаза Facebook парақшасында 123 күннен бері жұмыссыз жүргенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлады tiek.kz. Айтуынша, депутаттықтан кеткеннен кейін кейбір адамдар да теріс айналған. «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды. Бұрын батарейкасы тез отыратын смартфоным, қазір ләм-мим тыныш, 2 күнге қуаттылығы жетіп жатыр. Һәм адами кейіп сақтап қалған 7-8 адамнан басқа ешкім хабарласпайды. …