Жанжалдың басы: 660 адамдық тізім Бұл оқиғаның бастауы 2024 жылдың 1 сәуіріне барып тіреледі. Журналист Лұқпан Ахмедияров өзінің парақшаларында Украинаның «Хочу жить» (Өмір сүргім келеді) мемлекеттік жобасына сілтеме жасай отырып, Ресей Федерациясы жағында Украинаға қарсы әскери қимылдарға қатысып жүрген 660 қазақстандықтың тізімін жариялаған. Алайда, осы тізімдегі аты-жөнімен дәлме-дәл келетін Өскемен қаласының тұрғыны Руслан Мұхамедов бұл …