Астана қаласының прокуратурасы мен полиция департаменті жолдардағы тәртіпті күшейту мақсатында агрессивті жүргізушілерге қарсы шараларды қатаңдатты. Енді жылдамдықты асырып, көлікті қауіпті айдайтындар «ұсақ бұзақылық» жасады деп айыпталып, 15 тәулікке қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz.