Шымкенттік жас спортшы аралас жекпе-жектен ел чемпионы атанды. 50 келі салмақта алтыннан алқа тағынған Жантаир Бектас бірнеше халықаралық жарысқа жолдама алып үлгерген. Тартысты бәсекеде қарсылас шақ келтірмеген 17 жастағы жеңімпазды шаһар тұрғындары ерекше қошеметпен қарсы алды. Әуелеген ән, зор қошеметпен шымкенттіктер ММА-дің АММА түрінен Қазақстан чемпионын қарсы алды. 7 жасынан бастап спорт тізгінін берік […]