Қазақстан Орталық Азия бойынша баспана салу қарқыны жағынан көш бастап тұр. Құрылыс секторы ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналды. Былтыр жалпы ішкі өнімнің 6 пайызы осы саланың еншісіне тиді. Биыл да осы қарқынды төмендетпеу міндеті тұр. 700 мыңға жуық отандасымыз құрылыста жұмыс істейді.