Қазақстанда ХҚКО-ларды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір елде төрт өңірде бес цифрлық кеңсе жұмыс істейді. Тағы он өңірде қаржыландыру мәселесі шешілгенімен, алты облыста цифрлық ХҚКО ашу жұмыстары кешеуілдеп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz.