Әлеуметтік желіде қарағандылық ақын Мақсат Ахановқа қатысты жайсыз видео тарап жатыр. Жазбадан Мақсаттың кезекті айтыстарының бірінен үзінді келтірілген. Сахнада ақынның мас шыққанын, сөздерін ұйқастыра алмай, лағып отырғанын байқауға болады. “Мынау не масқара, не көргенсіздік! Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» …