SCAT әуе компаниясының президенті бір жылда 335,9 млн теңге сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі құжатта жазылған, деп хабарлады kursiv.media. Әуе компаниясының президенті қызметін 2020 жылдан бері Владимир Денисов атқарып келеді. Ол компания президенті ғана емес, 57 пайыз акциясын иеленетін ірі акционер. 198 млн доллар байлыққа ие Денисов ең дәулетті кәсіпкерлер арасында 50- орында тұр. …