Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар қатаң жазаға тартылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Ата заңды келемеждеу мен оның талаптарын менсінбеу халықты кемсітумен бірдей екенін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі тұлғалар елдің абыройын, ұлттық институттарға деген сенімді және халықаралық беделін қорғауға міндетті екенін атап өтті. Президент «Самұрық-Қазына» қоры стратегиялық активтерді басқарып, …