Түркістан облысында жігітін өлтіріп, кейін өртеп жіберген оқушы қыз сотталды. Небәрі 15 жастағы жеткіншек жантүршігерлік қылмысқа қыр-соңынан қалмаған жігіттен құтылу үшін барған екен, деп жазады Stan.kz. Қанды оқиға биыл көктемде Леңгір қаласында болған еді. 25 мамыр күні Леңгір қаласындағы ескі зауыт маңынан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты енді аяқтаған оқушы қыз ұсталды. …