Шымкентте өндірістегі қайғылы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. 15 қыркүйекте кафель шығаратын зауыттардың бірінде грек-рим күресінен чемпион, ұлттық құрама мүшесі Тілектес Әділ қаза тапқан. Ал жыл басынан бері қалада 19 жазатайым оқиға тіркеліп, үш адам көз жұмған. Еңбек инспекциясы өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдайларға жұмыс берушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы да, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзуы да […]