Шымкент пен Дебрецен арасындағы достық әрі іскерлік байланыс жаңа мазмұнмен толығуда. Венгрияның екінші ірі қаласынан келген делегация Шымкенттің көрікті жерлерін аралап, дендросаябақтағы «Құрметті азаматтар аллеясына» ағаш отырғызды. Қонақтар табиғат аясында серуендеп, шаһардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папп ағаш отырғызу рәсіміне өзі қатысып, Шымкентке деген жылы лебізін білдірді. Оның айтуынша, екі қала […]