Шымкент қаласының Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үй аулаларын абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері бірқатар елді мекенде электр желілері жаңартылып, жолдар жөнделді, аяқжолдар мен балалар ойын алаңшалары салынып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайдалануға берілді. Ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің […]