Бірі ұлын, бірі шәкіртін күткен ата-аналар мен мектеп ұжымы теміржол бекетіне жиналған. Көп ұзамай Алматыдан жеңіспен оралған жас спортшылар да жетеді. Олар унифайттан өткен жарыста қарсыластарына дес бермей, жүлделі орындарға қол жеткізген. Бұл сайыста білектің күшімен бірге ептілік пен мергендік те сыналады. Жасөспірімдер кедергілерден өтіп, нысана көздейді, пышақ лақтырады. Соңында рингте қоян-қолтық айқасқа түседі. Алматыдағы […]