Түркістан облысының Жетісай ауданында заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды. Құны 2,8 миллиард теңге болатын кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын өндіруге қауқарлы. Жаңа өндіріс орнында 200 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек. Жетісайда аудан шаруалары 45 мың гектар алқапқа мақта егіп, 120 мың […]