Президент Жолдауы – елдің алдағы даму бағытын айқындап, маңызды міндеттерді белгілейтін стратегиялық құжат. Онда көтерілген бастамаларды талқылап, олардың мән-маңызын түсіну, әсіресе, жас ұрпақ үшін маңызды. Себебі бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын буын. Осыған орай, Мирас университетінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен кездесу өтті. Жиында Жолдаудағы басым бағыттар мен олардың қоғам өміріне ықпалы сөз болды. […]