Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті. Атап айтқанда, Шекара қызметі ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қудалаудан жүзу құралымен жасырынуға әрекет жасаған үш шетелдік азаматты, сондай-ақ жағалау аумағында Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады. 22 кг апиын, 27 кг гашиш, 60 кг марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді. Аталған факті […]