Шымкентте гүлбақтағы шахмат орындығын сындырып кеткендердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Полиция тексеру жүргізгенімен, қылмыс құрамы болмағандықтан, іс қозғалмаған. Ал вандализмнің қоғамға қандай зияны бар және заңда қандай жаза қарастырылған? Жақында әлеуметтік желіде Шымкенттегі Ю.Гагарин көшесіндегі гүлбақта қоғамдық орындықты сындырып, бүлдіріп кеткен сәт түсірілген видео тарады. Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. […]