Мал сүйегінен май мен пептон, алдағы уақытта желатин өндіріледі. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды. Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінде орналасқан кәсіпорынға 9 миллиард теңге инвестиция салынған. Жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорын ірі қара малдың сүйегін кәдеге жаратып, одан қосылған құны […]