Қазақстан заңсыз шетелге шығарылған активтерді іздеп, елге қайтаруға мүмкіндік беретін жаңа халықаралық тетікке ие болды. Президент Еуропалық қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл құжат Қазақстанның ондаған мемлекетпен құқықтық байланысын жеңілдетпек. Оның ішінде бұған дейін елімізбен жеке келісімі болмаған елдер де бар. Жаңа механизм іс жүзінде не өзгертеді? […]