Қазақстанның Премьер-министрі денсаулық сақтау жүйесінде отбасылық дәрігерлердің жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Мамандардың пікірінше, емханаға жүгінген науқастардың басым бөлігіне осы дәрігерлер көмек көрсетуі тиіс. Бұл бейінді мамандарға түсетін салмақты азайтады. Ол үшін отбасылық дәрігерлердің құзыретін кеңейтіп, қағазбастылықты азайту және кәсіби даярлығын жетілдіру қажет. Сонда медициналық көмек алу жеңілдеп, дәрігер қабылдауын күту уақыты қысқарады. Әрі қарай әріптесім тарқатсын. […]