Ұлттың рухани мұрасын түгендеп, төл мәдениетінің қайта жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі — Өзбекәлі Жәнібеков. Мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениет саласының жанашыры, этнографтың туғанына биыл 95 жыл. Осыған орай «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы «Ө. Жәнібековтің іздерімен» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Кездесуде қайраткердің өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы бастамалары кеңінен сөз […]