Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам адамға тізе, жамбас-сан және иық буындарын алмастыру отасы жасалды. Құны 1,5 миллион теңгеден асатын күрделі операциялар қаладағы екі медициналық ұйымда МӘМС есебінен тегін жүргізіледі. Бұл әдіс буын қызметі бұзылған науқастардың қайта қозғалып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді. Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханада 72 жастағы Пернеқыз Қожагелдиеваға күрделі операция жасалды. […]