Шымкент қаласындағы «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында 170-ке жуық әскери міндеттінің қатысуымен жоспарлы тактикалық-арнайы оқу-жаттығу басталды. Он күнге жоспарланған әскери жиын 16-25 қыркүйек аралығында өтеді. Оқу-жаттығуды 50120 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсат – запастағы азаматтардың әскери білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру, жұмылдыру резервінің даярлық деңгейін арттыру. Әскери жиынға запастағы әскери қызметшілер […]