Шымкентте тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір маңызды нысан пайдалануға берілді. Жаңаталап тұрғын алабында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары бір ғимаратқа шоғырланды. Жаңа нысанның ашылуына ҚР ТЖ Министрі, қала әкімі мен қала тұрғындары қатысты. Бұл, қаладағы бесінші әмбебап жедел қызметтер кешені. Жаңа нысан төрт бірдей елді мекеннің 11 мыңнан астам […]