Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Көпшілік назарына ұлттық нақыштағы әшекейлер, киім-кешек, сөмкелер мен тұрмыстық бұйымдар ұсынылған. Олардың әрқайсысы – шеберлердің қолынан шыққан туынды. Көрме бір жағынан қолөнершілерге өз еңбегін танытуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан қала тұрғындарына отандық шеберлердің бұйымдарын тамашалап, сатып алуға жол ашты. Киізден тігілген сөмкелер, экологиялық былғарыдан жасалған бұйымдар, ұлттық музыкалық […]