Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, зерделі ұлт тәрбиелеудің маңызды негізі. Осы бағытта А.С.Пушкин атындағы кітапханада 2027–2031 жылдарға арналған «Оқитын ұлт» тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында қолға алынған. Жиында қоғамның кітапқа қызығушылығын арттыру, жастардың оқу сауаттылығын дамыту және әдебиетті кеңінен насихаттау мәселелері қаралды. Раушан Тастанқызы кітапхана […]