Шымкентте «TARTYL FEST» фестивалі өтіп, оған жүздеген спортшы мен көрермен қатысты. Негізгі бәсеке кермеге тартылудан өрбіді. Жарыста кәсіби спортшылармен қатар, әуесқойлар да бақ сынады. Фестивальдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортқа қызығушылықты арттыру. ИБРАГИМ ШАРАФУТДИНОВ, ҚАТЫСУШЫ: «Мен кермеге тартылып, жарысқа қатысу үшін келдім. Воркаутпен айналысамын. Бірінші орын алсам деген үміт […]