Түркістан облысы халқының 80 пайызы ауылды жерде тұрады. Тиісінше, өңірде ауылшаруашылық саласы да жақсы дамыған. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының айтуынша, Түркістан- мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұр. Ал алдағы уақытта бұл бағытты одан әрі дамытып, өзге кәсіп түрлеріне де қолдау білдіру жоспарланған. «Түркістан мал шаруашылығын дамыту бойынша республикада көш бастап тұр». Осылай деген облыс […]