Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды. Алғашқы көшеттер Түркістан қаласындағы әуежай жолының бойына егілді. Игі бастамаға облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған мыңға жуық адам атсалысты. Жалпы, бір күнде 22,5 мың түп ағаш отырғызылды. Бұл, өңірді көгалдандыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Түркістан облысында жаппай ағаш егу шарасына облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері қатысты. […]