Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман қорын молайту және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Күзгі түгендеу нәтижесінде парк филиалдарының тұқымбақтарында 458 мың 798 ағаш-бұта көшеті бар екені анықталған. Оның 77 мың 275-і стандарт талаптарына сай. Ал 2025 жылдың күзі мен 2026 жылдың көктемінде себілген тұқымдардан 69 мың 34 көшет өсіп шыққан. Олардың қатарында емен, боз […]