Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында майдангер Ахмаджан Анартаевтың ғасырлық мерейтойы аталып өтті. Соғыс ардагерін құттықтау рәсіміне Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразәлиев, Түркістан гарнизонының бастығы полковник Талғат Мәжімбеков, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, майдангердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара аудан орталығындағы орталық саябақта аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою […]