Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) оқушылары өкпе обырын ерте сатыда анықтауға арналған Pulmora жобасымен әлемдік ғылыми қауымдастықтың назарын аударды. Отандық команда Парижде өткен беделді iGEM Grand Jamboree 2026 халықаралық байқауында «Инклюзивтілікті дамытудағы үздік жетістік» (Best Inclusivity Award) номинациясы бойынша үздік үштікке енді, деп хабарлайды Tiek.kz. Pulmora жобасы қалай жұмыс істейді? Жоба авторларының …