Қазақстанда мешіт құрылысына ақша жинау көбейді. Желіні ашсаң, 325 теңге жіберсең – құлшылық үйінің пәлен кірпіші алынады, 1000 теңгеңді садақа қылсаң – түген кірпіші қаланады деген үндеулер жиі ұшырасады. Мешіт құрылысының көбеюі шынымен құлшылық үйлеріне сұраныстың көбейгенін білдіре ме? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты сарапшыларға қойды.