Бүгінде біз теледидардың шынымен анахронизмге айналғанына куәміз, ал әлеуметтік желілер бұрынғыдай байланыс алаңдары емес, бұқаралық ақпарат құралдарының толыққанды баламасы болып отыр. Қазіргі интернет қолданушылары оның орнына қандай байланыс түрі келеді деп емес, қай әлеуметтік желі озық деп бас қатырып жүр. Ulysmedia.kz тілшісі қазақстандықтар қандай әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын анықтап көрді.