Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл азаматтардың есімдерінің алдына «нарықтың алпауыттары» деген анықтауыш сөз қоса айтылатын. Олардың есім-сойлары жетістікке жетудің қазақстандық үлгісі ретінде насихатталып, әр жер-әр жерде айтылып жататын. Еліміздегі алғашқы бизнесмендер, олардың қаржылық институттары Алматының Алатауындай мызғымас болып көрінетін. Сол кездегі ең ірі банктер – БТА, Казкоммерцбанк, АльянсБанк-тің негізін қалаушылар –Мұхтар Әблязов, Нұржан Субханбердин, Марғұлан Сейсембайлар еді.