Қазір бүкіл қаржы әлемі қор нарықтарының, әсіресе азиялық нарықтардың тамырын басып отыр. Ондағы ахуал оңалып келеді, жаһан инвесторларын алаңдатқан күрт құлдыраудан кейін жапондық Nikkei биржасында индекстер аздап өсе бастады. 5 тамыз тарихқа «қара дүйсенбі» ретінде енді. Ulysmedia.kz тілшісі мұның Қазақстанға және әлемге ықпалы қандай боларын таразылап көрді.