Әлеуметтік желіде Жезқазғандағы «Доброцен» супермаркетінің қызметкері мен жергілікті тұрғындардар арасындағы даудың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан дүкен қызметкерінің «Біз тарихты білмейміз, бұл тіпті Ресейдің жері» деп айтқанын және видеоны түсірген әйелдің «Бұл Қазақстанның жері» деп сатушыға түсіндіріп жатқан сәтін көруге болады. Көпшіліктің жазуынша, тұрғындар дүкен қызметкерлерінен тауар атауынык қазақ тілінде жазылуын талап еткен.