Бүгінгі таңда облыста көзі тірі 12 соғыс ардагері тұрады. Олардың қатарындағы екі азамат биыл 100 жасқа толады. Қос қарт ардагер Павлодар қаласы мен Шідерті кенттерінде тұрады. Ал ең жас ардагер мамыр айының жетінші жұлдызында 95 жасқа толады. Соғыс жылдары елде қалып, майдан үшін еңбек еткен тыл еңбеккерлері де сый-құрметке ие. Бүгінде ортамызда төрт мыңнан астам тыл еңбеккері өмір сүруде. Олар да бір реттік арнайы төлемақыға ие болмақ.