Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, түнгі дрон және баллистикалық зымыран шабуылдары энергетика нысандарына зақым келтіріп, бірнеше өңірде жарық өшіп, су беру жүйесіне кедергі туған. Шабуылдар келесі аптада Абу-Дабиде өтетін Украина мен Ресей делегацияларының үшжақты келіссөзі қарсаңында жасалды.