Отандық өндіріс қазақ ғылымына жатырқай қарайтын кезең аяқталған сияқты. Бұған дейін ғалымдардың зертханасында жасалған жаңалықтардың басым бөлігі ғылыми мақала мен патент деңгейінде қалып қойғанын көп еститінбіз, көретінбіз. Қымыз бен шұбаттан алынған пробиотиктері бар «НӘР» йогурты, ауыл шаруашылығына арналған «БиоЛип» биопрепараты, Балқашта қазақстандық технологиямен өндірілген 99,5 пайыз таза селен сол жағымсыз тенденциядан отандық ғылым арыла бастағанын …