Түркістан қаласында конституциялық құқық, әділеттілік пен мемлекеттік басқарудың болашағына арналған II «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы өтті. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстанның конституциялық соттарының өкілдері, БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшылары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Словения, Литва, Түркия және Орталық Азия елдерінің ғалымдары қатысты.